ШҚО-да ардагерлер арасында асық атудан жарыс өтті

ШҚО-да ардагерлер арасында асық атудан жарыс өтті

ШҚО-да ардагерлер арасында асық атудан жарыс өтті
ашық дереккөзі
Аудандық ардагерлер үйінде алдынғы аға буын өкілдері арасында қазақ халқының көнеден келе жатқан асық ату, бес тас сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz. ШҚО, Жарма аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға окургтерден келген ауыл ардагерлері қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Есполов ұлттық ойындарды өткізудің негізгі мақсаты – ұмыт бола бастаған асық ату, бес тас сынды тағы басқа көне спорт түрлерін жастар арасында насихаттау, ептілік пен мергендікке үйрететін осындай ойындарды дәріптеу екенін айтып өтті. Ауыл ардагерлері арасында бұл шараны ұйымдастырып, балаларға үлгі болсақ, олар да ойнап, қызықтаса деген негізгі мақсатымыз, – дейді Нұрлыбек Оспанбекұлы. Сонымен округтерден келген ардагерлер арасында асық атудан 1-орынды Шалабай ауылынан Серікбай Калиев, 2-орынды Ортабұлақ ауылынан Амангелді Нұргалиев, 3-орынды Бірлікшіл округінен Қайыртай Құрманғалиев және Қалбатау ауылынан Төлеубек Қасенов сынды алдынғы толқын ағалар еншіледі. Бес тас ойынында 1-орынды Қызылағаш ауылынан Рысқайша Оразбаева, 2-орынды Қалбатау ауылынан Райса Бекқасымова, 3-орынды Жұмабақыт Рахметова иеленді. Жүлдегер деп танылған ауыл ардагерлері аудандық ішкі саясат бөлімі дайындаған арнайы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.