Парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды

Парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды

Парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды
ашық дереккөзі
Египетте парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды, деп  жазды Хабар 24. Египет археологтары қайтыс болған адамдардың денесін шірітпей сақтайтын шеберхананы тапты. Ол жер астында 30 метр тереңдікте табылды. Ғалымдар бұл жаңалық мумияның мыңдаған жыл бойы өзгеріссіз сақталғанын түсіндіруге жол ашады деп есептейді. Қазба жұмыстары кезінде тас табытқа салынып көмілген 35 мумия табылды. Мамандар бұны Ежелгі Египет тарихының парсы дәуіріне жатқызды. Ол біздің заманымызға дейін 4 ғасырға сай келеді. Сол кезде Ескендір Зұлқарнайын елге шабуыл жасап, басып алған болатын. «Біз мәйіттерді көму және қатыру әдістері туралы көп білеміз. Ал бұл жаңалық көптеген жаңа аспектілерге жол ашады. Біріншіден, мумия жасау үшін қандай май қолданды? Оның химиялық құрамы қандай болды? Екіншіден, кейбір мәйіттер жанынан көптеген асыл тастар мен әшекей бұйымдар табылды. Бұл ақпарат сол замандағы адамдардың экономикалық ахуалына қатысты жақсы дереккөз болады», - деді археологиялық экспедиция басшысы, Рамадан Бадри Хуссейн.