Болат Мажағұлов енді джиу-джитсу қауымдастығын басқарады

Болат Мажағұлов енді джиу-джитсу қауымдастығын басқарады

Болат Мажағұлов енді джиу-джитсу қауымдастығын басқарады
ашық дереккөзі
Қазақстан джиу-джитсерлерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті сайланды. Бұл қызметке Токиодағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері Болат Мажағұлов тағайындалды, – деп хабарлайды Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының ресми сайты. Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы елімізде аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық қызметі Қазақстанның ұлттық комитетімен танылып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетімен аккредиттелген. Сонымен қатар, Қауымдастық Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) мүшесі. Қауымдастық құрамына Қазақстанның 16 облысының және Астана мен Алматы қалаларының федерациялары кіреді. Он мыңнан аса спортшы, жаттықтырушы және спорттық төрешілер қауымдастыққа мүше. Джиу-джитсуден ұлттық құрама халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетуде. Қазіргі кезде спортшылар Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарына дайындық үстінде делінген хабарламада.  width= Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығының жаңа жетекшісі Болат Мажағұлов  осыған дейін жұмыс істеп келген Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін қоса атқарады.