Роза Қуанышқызы «Славян базары» президенттік марапатын иеленді

Роза Қуанышқызы «Славян базары» президенттік марапатын иеленді

Роза Қуанышқызы «Славян базары» президенттік марапатын иеленді
ашық дереккөзі
Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті. «Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», - деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі. Сондай-ақ Беларусьтің Витебск қаласындағы «Жұлдыздар алаңында» қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылды.