Халықаралық әуежай маңында жарылыс болды

Халықаралық әуежай маңында жарылыс болды

Халықаралық әуежай маңында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Египет астанасы Каирдегі халықаралық әуежайдың маңында жанармай қоймасы жарылды, деп хабарлайды 24.kz Салдарынан 12 адам жарақат алды. Жапа шекккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жарылыстан кейін өрт шығып, ол тез сөндірілді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстан әуежайға ешқандай нұқсан келмеген. Бірақ оқиғадан соң ол уақытша жабылып, әуе рейстері тоқтатылды. Ал жанармай қоймасы «Гелиополис» мұнай-химия компаниясына тиесілі болған. Әзірге жарылыстың неден болғаны белгісіз. Бірақ әскерилердің мәлімдеуінше, ол ауа райының қатты ыстық болуынан жарылған болуы мүмкін. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.