Мемлекеттік қызметкерлерге смартфонға рұқсат етілуі мүмкін

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфонға рұқсат етілуі мүмкін

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфонға рұқсат етілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызметкерлерге мұндай «қуанышты жаңалықты» бейсенбі күнгі брифингте Қазақстанның президенті жанындағы Мемлекеттік басқарма академиясының ректоры Фатима Жақыпова мәлімдеген. Смартфон орнына жұмыс уақытында шенеуніктер интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ, фото және видео камера орнатылмаған қарапайым телефон пайдалана алады. Бұл шараны қызметтік ақпарат тарап кетпеуі үшін қолданылып келді. Енді жоққа шығарылса талай қызметкер қуанары сөзсіз. «Бұл мәселе біраз уақыттан бері қаралып жатыр. Біздің мәліметіміз бойынша, қыркүйекте мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат береді. Бірақ бұл ақпараттың нақты екенін әлі білмейміз. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын», – деді Жақыпова. Оның айтуынша, заманауи цифрлық технологиялар смартфондардың бірқатар функциясын бұғаттай алады. «Мысалы, iPhone өндіруші компания өз қызметкерлеріне смартфон пайдалану бойынша тосқауылдар қояды. Шетелде, мәселен Ұлыбританияда кей мемлекеттік мекемелерде смартфондардың біраз функциясы бұғатталады», – деп түсіндіріп өтті ректор.