12 Шілде, 20:18 275 0 Сыртқы саясат Арман Құдайберген

ӨЗБЕКТІ НЕМІС БИЛЕМЕК

Өзбекстан президентінің бұйрығымен Германия азаматы Карстен Хайнц Өзбекстанның Инновациялық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Карстен Хайнц еңбек жолын 1985 жылы Германияның Археология және ежелгі тарих институтында бастаған. 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін Германияның Ғылыми зерттеулер және білім министрлігі жүйесінде қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, 4 жыл Мәскеудегі Германия елшілігінде Ғылым және білім бөлімінің басшысы ретінде дипломатиялқ қызмет атқарған.

К. Хайнц Ежелгі Армения тарихы бойынша ғылыми еңбектің авторы. 2013 жылдан бері Германияның Білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің «Макс Планк атындағы Қоғам, Франгоуфер атындағы Қоғам, ғылыми зерттеулердің инновациялық бағдары» бөлімі басшысының орынбасары ретінде қызмет атқарған. Сонымен қатар, К. Хайнц - Германияның энергетика саласын зерттеумен айналысатын ғылыми мекемелерді үйлестіру жүйесінің тәжірибелі маманы.

Соңғы жаңалықтар