12 Шілде, 19:48 112 0 Экология Арман Құдайберген

КИІК ҚЫРУ ТИЫЛМАЙ ТҰР

Табиғи апаттардан бөлек, адамдардан келетін қауіп те түз тағыларының санын азайтуда. 6 киік атып алды деген күдікпен 3 адам ұсталды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі дәл осындай ақпарат таратып отыр. 9 шілде күні Қазталов ауданы аумағында «Соқыршал» қыстағы маңынан мүйіздері кесілген 6 киік ұшасы табылған.

Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясы, «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары және Қазталов, Бөкей ордасы ауданы ішкі істер қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш тұрғын анықталып, қолға түсті.

Қазіргі кезде Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігіне сәйкес (заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар