12 Шілде 2018, 19:39 522 0 Қоғам Арман Құдайберген

4 ТАЛ КЕСІП, 40 ТАЛ ЕГЕДІ

Алматы Арбатындағы ағашты кескен жандардың ісі заңсыз екені дәлелденді. Енді олар келтірілген шығынды 10 есе қылып өтемек.

Жібек Жолы, 104 ғимаратының әкімгері Жаңабай Жұмабаев 1 тамызға дейін оталған 4 қарағаштың орнына 40 сапалы ағаш отырғызуға уәде берді. Сондай-ақ алматылық тұрғындардан кешірім сұрады.

Ағаш кесіп жатқан жұмысшыларды қалалық тәртіп сақшылары ұстаған. Олар «ғимарат иесінің арнайы рұқсат қағазы бар» деп түсініктеме беріпті. Кейіннен белгілі болғандай, ғимарат иесі іс сапармен шет елге кеткен. Сондықтан, құзырлы орган өкілдері ғимарат әкімгерін жауапқа тарқан. Ол өз жауабында: «Ағаш ғимаратқа кедергі келтірді. Бұтақтар сынып, терезені зақымдады. Тез арада арнайы қызмет өкілдерін шақырып, «тонировка» деген әдіспен қысқартқанбыз», - деген. Бұл оқиғаға қатысты әкімшілік шара қолданылатын болады.

Соңғы жаңалықтар