Роналду футболдан кетеді

Роналду футболдан кетеді

Роналду футболдан кетеді
ашық дереккөзі
Осы апта тарихи оқиғаларға толы болды. Әлем чемпионатындағы жағдайдың өзі бір төбе. Шілденің оны күні «Реал» Роналдудың команда сапынан кететінін мәлімдеді. Ел арасында біраздан бері жүрген бұл сыбыс шындыққа айналды да Криштиану бір күнде «Ювентус» сапына ауысты. Әсіре сілтегендік емес «Реалдың» 50 пайыз жанкүйері енді автоматты түрде «Юентус» тілеуін тілейді. Португалия құрамасының ойыншысы Криштианудың италиялық клубпен құны 4 жылға келісімшартқа отырды. Ресми деректерге сүйенсек, келісімшарт құны 110 миллион еуро. Тосын жаңалыққа ет үйренбей жатқан тұста, Криштиану Роналдудың ісін жүргізетін агент Жорже Мендеш футболшының ары қарайғы жоспарларын айтып, көпті таңырқатты. Бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәлімдемесінде Мендеш: «Ювентус» Криштианудың соңғы клубы болады және ол осындай шешім қабылдағанына қуаныштымын. Ол өзінің керемет мансабын осы клубпен аяқтайды",  деген. "Манчестер Юнайтедтен" ауысқан Криштиану «Реал» сапында 10 жылға жуық талай өрнекті ойын көрсетті. Испаниялық клуб сапында Роналду екі рет ел чемпионаты мен төрт рет Чемпиондар лигасының үздігі атанды. Бұл жетістікті «Ювентус» командасымен де қайталауы бек мүмкін.