Шақпақ жиделілер жарап тұр

Шақпақ жиделілер жарап тұр

Шақпақ жиделілер жарап тұр
ашық дереккөзі
Осы түнде Мәскеудің «Лужники» стадионында Хорватия-Англия құрамалары кездесті. Әлем көз тіккен байрақты бәсекенің финалдық жолдамасы сарапқа салынды. Әрине, болжам жасаушылар бұл жолғы басымдықты Гарет Саутгейт бастаған ағылшындықдарға беріп еді. Команданы алға сүйреуші 24 жасар Харри Кейн бір керемет жасайды деп күтті. Құрама сапында 29 кездесу өткізіп, 19 гол соққан футболшының бұл мундиалда 6 бірдей добы қақпадан табылып, «Үздік бомбардир» атағын ешкімге бермей тұрған-тын. Онан бөлек, чемпион болып көрген құрама. Британдықтар басымдықты кездесу басталған сәттен алғысы келді. Солай да болды. Ойынның 5 минутында Киран Триппье Англия құрамасын алға шығарып бір гол соқты. Киран «Ағылшын қыраны» болар еді. Дегенмен бұл – футбол! Хорватия 68 минутта есепті теңестіріп әкетті. Осыдан кейін нағыз «шайқас» басталды. Экстра тайм белгілегенде пенальти сериясын тағы көреміз деп жанкүйерлер жанұшыра бастады. Өйткені екі сағат бойы теледидарға телмірген елге нүктені 5 минуттық пенальти қойғаны қызық емес-етін. Онсыз да соңғы екі кездесуде де 11 метрлік арқасында жартылай финалға жеткен хорваттықтар қарсыластан айқын басым түсе алмай, жанкүйерлер жаны «шүберекке түйілді». Бірақ, экстра тайм аяқталуына 11 минут қалғанда Марио Манджукич жеңіс голын соқты. Есеп 1:2 Хорватия еншісінде. Осылайша шақпақ жиделілер финалға өтті. Франция мен Хорватия арасындағы финалдық бәсеке 15 шілде күні өтеді. Егер Хорватиялықтар жеңсе тарих жаңаланады, Франция құрамасы жеңсе қайталанады. Күтейік...