ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ АДАМДАРЫ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ АДАМДАРЫ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ АДАМДАРЫ
ашық дереккөзі
Bloomberg Billionaires Index (BBI) бойынша, Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос (142 млрд доллар), Microsoft құрушысы Билл Гейтс (94,2 млрд доллар) пен Facebook-тің басшысы Марк Цукерберг (81,6 млрд доллар) әлемдегі ең бай 500 адамның үздік үштігі болып табылды. Уоррен Баффет (81,2 млрд доллар) төртінші, Амансио Ортего (76,1 млрд доллар) бесінші орында. Қытайдағы ең бай адамдар көшін бастайтын Джек Ма (44,3 млрд доллар) еншісіне 14 орын бұйырыпты. Ең алғашқы жүздіктің 37-сі АҚШ азаматтары, оған қоса көршілес 11 ресейлік пен 8 қытайлық бірінші жүздікте. Үздік бес жүз бай адамдар көшін ирландиялық Денис О'Брайен (3,89 млрд доллар) аяқтайды. Индекс миллиардерлер акцияларының бағасы мен олардың үлесі бар компаниялардың есеп деректерінің негізінде жасалған.