12 Шілде 2018, 12:31 1023 0 Көлік Арман Құдайберген

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Таяуда Астананың 20 жылдығына орай, бірқатар облыстардың атсалысуымен елордада жаңадан 56 шақырым веложол салынған болатын. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Есіл өзенінің жағалауынан Д.Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген велосипед жолы Түркістан облысының атсалысуымен жүзеге асты. Бұл жол Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жол мен Ильинка кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдермен, тұрақтармен, wi-fi және телефонды қуаттау мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған.

 

«Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» деп елбасы Н.Ә. Назарбаев алғыс хатты аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар