11 Шілде, 18:19 412 0 Руханият Арман Құдайберген

Бас мүфти HalalGuide жобасымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресейдің HalalGuide жоба жетекшісі Айрат Касимов мырзаны қабылдады.

Ресейден келген ғалым халықаралық халал стандарттау саласы бойынша жаңа жобалармен таныстырды. Кездесуде Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтият бұл салаға аса көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Бұл бағытта басқарма мамандары халал стандарт бойынша Малайзия, Түркия сынды жетекші елдермен тәжірибе алмасып, белсенді қызмет етіп жатқанын баяндады. Ресми қабылдауда Айрат Касимов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен өзара ынтымақтастық келісім аясында бұл саланы бірлесе дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ тараптар екіжақты біріккен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар