Полицейлер 9 келі есірткі тәркіледі

Полицейлер 9 келі есірткі тәркіледі

Полицейлер 9 келі есірткі тәркіледі
ашық дереккөзі
Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлер 1 маусымнан бастап «Көкнәр» тазалық операциясын жүргізді. Нәтижесінде есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісі анықталды. «Полицейлер 4 шілде күні Қостанай ауданында «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 2 келі марихуана табылып,  44 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Дәл осындай факт Рудный қаласында тіркелді. «ВАЗ-2112» автокөлігінде отырған 22 жастағы жолаушыдан 2 грамм героин тәркіленді. Ол есірткіні темекі қорабының ішіне жасырған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Бүгінге дейін «Көкнәр» операциясы аясында 9 келі есірткі заттары тәркіленген. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.