9 Шілде, 17:26 394 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі тағайындалды

Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі болып Доминик Рааб тағайындалды. Ол бұрын аймақтар мен жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі министр қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Патшайым Brexit-тен кейін Ұлыбритания мен Еуроодақтың жаңа үкіметтік ынтымақтастық стартегиясымен келіспегендіктен, үкіметтен кететінін мәлімдеген Дэвид Дэвистің орнына Раабтың келгенін қуана мақұлдады», - делінген Ұлыбритания премьер-министрінің Twitter микроблогында.

Айта кетерлігі, Дэвид Дэвис бұдан бұрын Brexit-тен кейін Ұлыбритания мен Еуроодақтың жаңа үкіметтік ынтымақтастық стартегиясымен келіспейтінін жария еткен болатын.

Оның пікірінше, Лондон Брюссельдің алдында біршама кері шегінген.

Аймақтар мен жергілікті өзін-өзі басқару істері бойынша министрліктен бұрын 44 жастағы Рааб әділет министрінің орынбасары болған. Ұлыбританияның ЕО-дан 2019 жылдың 29 наурызында шығатынын ескергенде ол өте жауапты кезеңде тағайындалған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар