Астананың 20 жылдығы Беларусь елінде атап өтілді

Астананың 20 жылдығы Беларусь елінде атап өтілді

Астананың 20 жылдығы Беларусь елінде атап өтілді
ашық дереккөзі
Бас қала күніне орайластырылған мерекелік шараны еліміздің елшілігі ұйымдастырған, деп хабарлайды 24.kz. Оған қазақстандық диаспора және елшілік өкілдерімен қатар Минск қаласының лауазымды түлғалары мен министрлік өкілдері де қатысқан. Шаһар саябақтарында түрлі шаралар өткізіліп, жергілікті телеарналарда құттықтау сөздері айтылды. Сонымен қатар Беларусьтегі Қазақстан елшілігі жанында салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Германия, Ресей, Армения және Ұлыбритания елшілігінің өкілдері де қазақстандықтарды мерекемен құттықтауға келді. Айта кетейік, жақын күндері басқа халықтар да Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтайтын болады. Мысалы, Витебск қаласында «Славян базары» деп аталатын өлең сайысы ашылады. Онда жарыстың бір күні Қазақстан тақырыбына арналмақ. «Астана күні мерекесіне байланысты ұйымдастырылған шараға барлық елшілер, мемлекеттік органдардың өкілдері келді. Бұл – Қазақстан халқы үшін өте маңызды күндердің бірі. 20 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы сайын Сарыарқа төсіне көшіруі тарихи шешім болды»,- дейді  ҚР-ның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев.