Шелек ауруханасындағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысының Шелек ауруханасының ауласында үш адамның өлімімен аяқталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Қайтыс болғандардың екеуі - сантехник, үшіншісі - 34 жастағы дәрігер-травматолог болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысында нәжістен уланып қайтыс болған дәрігер травматолог болған «Қазір ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Марқұмдардың жерлеу рәсіміне әкімдік атсалысады және олардың жақындарына материалдық көмек көрсету жағы да қарастырылып жатыр», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. Естеріңізге сала кетейік, Шелек ауруханасының ауласында 5 адам кәріз құдығына түсіп, оның үшеуі улы газ салдарынан қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған төрт адам көмекке ұмтылған еді. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды.
Жүктелуде...