Елордада қоғамдық көлік жолақысы екі есе қымбаттамақ

Елордада қоғамдық көлік жолақысы екі есе қымбаттамақ

Елордада қоғамдық көлік жолақысы екі есе қымбаттамақ
ашық дереккөзі
Бүгін Астананың Қоғамдық кеңесі қоғамдық көліктегі тарифтер бойынша тыңдаулар өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің айуынша, қалалық қоғамдық көлікте сараланған тариф енгізілетін болады. Аталған тарифке сәйкес елорданың жеңілдік санаты бар азаматтары бұрынғыдай қоғамдық көлікте тегін жүре береді. Жалпы сараланған тарифке қоғамдық көлік саласындағы қаражаттың «көлеңкелі» айналымынан кету және қала бюджетіне ақша түсімдерін арттыру мақсатында бастамашылық етілген. Түскен қаражат елорданың көлік жүйесін дамытуға жұмсалады. «Сараланған тариф енгізілген кезде қоғамдық көлікте жол жүру құны көлік картасымен төлеу кезінде 90 теңгені құрайды. Ал қоғамдық көлікті жиі пайдаланбайтын немесе карта алуды қажетсінбейтіндер үшін жол жүру құны 180 теңге болады. Бұл жолаушыларға қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуге жақсы себеп болмақ әрі ол төлем жүйесінің ашықтығына оң ықпалын тигізері анық», - деді Б.Игенбердинов. Қаулы жобасына сәйкес, қалалық бағдарларда жолақысын қолма-қол  төлеу кезінде  180 теңгені, экспресс бағдарларда 250 теңгені құрайтын болады. Ал автобустағы картамен төлем жасауға арналған құрылғы жұмыс істемеген кезде жолаушылар тегін жүре алады.