Сенат депутаттары үздік журналистерді марапаттады

Сенат депутаттары үздік журналистерді марапаттады

Сенат депутаттары үздік журналистерді марапаттады
ашық дереккөзі
Сенат депутаттары үздік тілшілерге сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды Хабар 24. Байланыс және ақпарат саласы мамандарының төл мерекесіне орай мұнда салтанатты жиын ұйымдастырылған. Еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқавтың өзі құттықтап, құрмет грамотасы мен алғыс хаттар тапсырды. Парламент шығарған заңды қоғамға түсіндіру жұмыстарына елеулі үлес қосқаны үшін «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының төрағасы Алан Әжібаев пен «Хабар 24» арнасының директоры Ольга Цой марапатталды. Сенат төрағасының айтуынша, қоғамға дұрыс ақпарат жеткізуде БАҚ өкілдерінің еңбегі ерен. Әлеуметтік желілердегі таралып жатқан жалған ақпараттан жастарды қорғауға тілшілердің ықпалы зор. Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Сенатының төрағасы: - Парламеттің заң шығару қызметіне қолдау көрсетуде БАҚ ерекше роль атқарады. Жаңа заңдардың қабылдануы туралы ақпарат жеткізумен қатар,  қоғам мен биліктің арасындағы диалогтың маңызды құралы болып табылады. Құрметті журналистер! бүгін біз парламеттің заң шығару қызметін ақпараттық қолдауға белсенді қатысып жүрген журналистерді, баспасөз өкілдерін, редакцияларды атап өткіміз келеді. Сіздердің жұмыстарыңыз еліміздегі әлеуметтік саяси және экономикалық реформаларды нәтижелі жүзеге асыруға, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге тікелей ықпал етеді.