Тайланд туризмге ең қауіпті ел ретінде мойындалды

Тайланд туризмге ең қауіпті ел ретінде мойындалды

Тайланд туризмге ең қауіпті ел ретінде мойындалды
ашық дереккөзі
Endsleigh ұлыбританиялық қауіпсіздік компаниясы әлемдегі саяхаттауға ең қауіпті 10 елдің тізімін жариялады. Бұл туралы Express басылымы хабарлайды. Сарапшылар туризмге ең қауіпті елдердің тізіміне бірінші болып Тайланд мемлекеті кіргенін анықтады. Туристердің тарапынан 2017 жылы сақтандыру компанияларына көп шағым түсіп, мемлекет Тайланд еліне сақтандыру төлемдерінің төрттен бір бөлігін (23 пайыз) бөліп берді. Екінші орынды Чили мен АҚШ мемлекеттері өзара бөліп, олардың әрқайсысына сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасының 15 пайызы есептелген. Сапарға қауіпті елдердің тізіміне тағы үш мемлекет: Франция (7 пайыз), Германия (8 пайыз), Испания (8 пайыз) елдері кірді. Көбінесе Франция мен Испания елдерінің туристері қауіпсіздік компаниясына қалталы ұрлық болғанын айтып шағымданған. Осы екі елге демалуды ойластырып жатқан туристерге сарапшылар жеке заттарына ие болуға кеңес берді. Сапарға ең қауіпті елдердің тізіміне тағы Непал (8 пайыз), Перу (8 пайыз), Багам аралдары (4 пайыз) мен Бразилия (4 пайыз) кірді. "Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық сот төрелігі" бойынша үкіметтік емес Мексика ұйымы наурызда әлемдегі ең қауіпті 50 қаланың тізімін жариялады. Рейтинг бойынша бірінші болып Мексиканың Лос-Кабос қаласы тұр. 2017 жылы әрбір 100 мың тұрғынға 111,33 адам саны өлтірілді деп анықталды.