Қырғызстан Өзбекстанмен бірлесіп туризмді дамытпақ

Қырғызстан Өзбекстанмен бірлесіп туризмді дамытпақ

Қырғызстан Өзбекстанмен бірлесіп туризмді дамытпақ
ашық дереккөзі
Өзбекстан Қырғызстанмен бірлескен саяхат турын құрады деп хабарлайды Өзбекстанның жергілікті ақпарат құралдары. 18 маусымда Бішкекте баспасөз мәслихатын өткізген Қырғызстанның туризм департаментінің маманы Санжар Боркеев қырғыз үкіметі тарапынан Өзбекстан мен Қазақстанға біріктірілген саяхат турын құру жөніндегі ұсыныс жіберілді деп мәлімдеген. Оның пікірінше, Алматы, Бұхара, Самарқан және Ташкентке саяхат ұйымдастыратын компаниялар мемлекеттік мекемеге айналуы мүмкін. Қырғызстандағы Өзбекстан елшісі Комил Рашидов өз елінде туристік базаны дамыту стратегиялық маңызды мәселе деп, өзбек елі бұл ұсынысты қолдайды деп атап өтті. Өзбекстан Қырғызстан азаматтары үшін өз аумағында 60 күнге дейін визасыз жүруге жағдай жасаған. Мұнан бөлек туристер енді Өзбекстаннан кәдесый ретінде алтын құймаларды сатып ала алады.