Грекия халқы жаппай ереуілге шықты

Грекия халқы жаппай ереуілге шықты

Грекия халқы жаппай ереуілге шықты
ашық дереккөзі
Ресми Афин мен Скопье Македония Республикасы атауын өзгертуге қатысты келісімге қол жеткізгеннен кейін Грекия халқы жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz Бұл шешімге наразылық білдірген шерушілер тәртіп сақшылармен қақтығысып, 8 адам жараланды. Полиция бас көтергендерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданды.  Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Македония Республикасының атауы Солтүстік Македония Республикасы болып өзгертілді. Осы атауға байланысты Афин мен Скопье арасындағы дау-дамайдың басталғанына 25 жылдан асты. Грекия елдегі Македония облысымен шатастырмас үшін республика атауын өзгертуді талап етіп келген.