Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге бірнеше импорттаушы елдерге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. Министрлік заңбұзушылық анықталған өндірушілердің тізімін тұтынушыларға ақпарат ретінде ұсынады:
- «Брянский бройлер» ЖШС, Ресей Федерациясы (бройлер балапанапың ұшасы) – колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану.
- «Инжавинская птицефабрика» АҚ, Ресей Федерациясы (тауық қанаттары, бройлер балапанапың ұшасы) – сальмонелла, колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану.
- «Приосколье» ЖАҚ, Ресей Федерациясы (тауық қанаттары, жамбас) – сальмонелла, колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану.
- «Чебаркульская птица» ЖШС, Ресей Федерациясы (бройлер балапанапың еті, тауық қанаттары) – сальмонелла, колиформ бактериясы.