Жээнбеков Қырғызстанда электр көлік өндіруді ұсынды

Жээнбеков Қырғызстанда электр көлік өндіруді ұсынды

Жээнбеков Қырғызстанда электр көлік өндіруді ұсынды
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 6 маусымда Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында Қырғызстаннан электр көліктерін шығаратын бірлескен зауыт ашуды ұсынған. Ол қытайлық электр көліктерін өндіріп, Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдерге экспортқа шығаруға Қырғызстан өте қолайлы орын болушы еді дейді. «Бұл бағыттағы ынтымақтастық "Бір белдеу бір жол" бағдарламасы аясында болашағы зор жоба болушы еді», - деп атап өткен Жээнбеков. Қырғызстан қазіргі уақытта дейін бірде-бір көлік шығармаған. Көбінде көлік елге Жапония, Еуропа, АҚШ және Ресейден тасымалданады. Жээнбеков 6-8 маусым аралығында Қытайда мемлекеттік сапармен болады. Одан әрі Қырғызстан президенті Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары кеңесіне қатысу үшін Циндаоға ұшып кетеді. Сапар аясында қырғыз президентінің Қытайдың өзге де лауазымды қызметкерлерімен кездесу жоспарланған. Келіссөздер барысында қырғыз-қытай мәселесі жан-жақты қаралады деп күтіледі.