Инвестициялық жобалар мақұлданған форум

Инвестициялық жобалар мақұлданған форум

Инвестициялық жобалар мақұлданған форум
ашық дереккөзі
Астана экономикалық форумында еліміз бірқатар инвестициялық келісімдерге қол жеткізді.  Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Германия экономикасының шығыс комитеті басшылығымен өткен кездесуінде де бірқатар жобаларға қол қойылғаны мәлім. Соның нәтижесінде «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев бастаған қазақстандық делегация Кельн қаласында Сауда-өнеркәсіптік палата мен Германия экономикасының шығыс комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері – неміс компаниялары үшін мүмкіншілік» тақырыбындағы бизнес-форумға қатысты. Іс-шара барысында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ роуд-шоу өткізді жəне басым салалардағы ықтимал инвестициялық жобалармен таныстырды. Соның ішінде Қазақстанда бизнес жүргізу, заңнамалық қолдау, «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елді əлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытындағы жолдаулары тұрғысында шетелдік инвестициялар тарту үшін бəсекелестік артықшылықтар туралы анық ақпарат ұсынылды. Форум барысында «KAZAKHINVEST» АҚ басқарма төрағасы С.Тұяқбаев Орталық Азия елдері ішкі жалпы өнімінің 2/3 бөлігіне жуығы ТМД елдері арасында жан басына шаққанда тартылған инвестиция бойынша бірінші орынды иеленетін Қазақстанға тиесілі екендігін, ал ГФР-дағы Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов форумның екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып отырғандығының жарқын көрінісі болып табылатындығын атап өтті. Германияның экономикалық, эксперттік жəне бизнес орта өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсаттарындағы іс-əрекеттерін жоғары бағалады жəне Қазақстанның ГФР-дың Орталық Азиядағы шешуші экономикалық əріптесі екендігін, Ұлы Жібек жолы траекториясы бойынша Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір болып қала беретіндігіне тоқталды. Кельн сауда-экономикалық палатасының басқарушы директоры Александр Хёкле атап өткендей, Қазақстанның инвестицияларды қорғау жəне ынталандыру саласында қабылдап жатқан шаралары неміс компанияларының Қазақстандағы жобаларының саны мен сапасын арттырды. Сапар шеңберінде қазақстандық делегация «ZozTechnologyCenter» (ZTC) технологиялық паркіне жəне Дюссельдорф қаласындағы «Continental AG» технологиялық кластерлік орталығына барды, сол сияқты жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Елге инвестиция тартылса, Елбасы айтқан «Бес әлеуметтік бастамадағы» кәсіпкерліктің тамырына қан жүгіріп, өзін-өзі еңбекпен қамтитындар қатары артпақ. Еліміздің халықаралық сахнада инвестиция құюға деген тартымдылығын ескерсек, жыл сайын кәсіпкерлік те қанат жаятыны заңдылық.