СТУДЕНТТЕР СОТ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

СТУДЕНТТЕР СОТ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

СТУДЕНТТЕР СОТ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ашық дереккөзі
Әдетте, сот ғимаратына кез келген адам кіре алмайды. Тек талапкер, жауапкер және басқа да сот отырысына қандай да бір қатысы барлар оған бас сұға алады. Онда да соттың шақыртуымен. Бұл тәртіптің «тізгіні» бір ғана жағдайда тартылады, яғни, «Ашық есік күнінде». Жақында аталмыш игі шара Алматы қаласы Алатау аудандық сотында өтті. Игі шара дейтініміз, болашағын құқық саласымен байланыстырып, бүгін сол бағытта білім алып жүрген жастар үшін сот залдарын көзбен көріп, судьялармен тілдесіп кеңес, бағыт - бағдар алудың, соттың тыныс-тіршілігімен танысудың маңызы зор. Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Айжан Көпбаева бастап келген бір топ студентіне аудандық соттың «Ашық есік күнін» өткізудегі мақсаты да сол. Студенттерге сот тынысын сөз еткен Алатау аудандық сотының қоғаммен жұмыс жасау және бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты маманы Абзал Маманов онда 8 судья түрлі даулы істерге төрелік жасайтынын, оның ішінде 3 судья қылмыстық істерді қарайтынын, бір судьяның «Болашақ» бағдарламасымен шетел асып, білімі мен біліктілігін жетілдіріп жатқанын қаперге салды. Соттарда істердің қаралуын жеделдетіп, сапасын арттыру мақсатында республика бойынша енгізілген «Сот кабинеті», «Төрелік» секілді электрондық жүйелер жайлы сөз етті. Бұдан соң Алатау аудандық сотының төрағасы Дәурен Тілеубаев құқықтану мамандығын оқып жүрген келешек ізбасарларымен сұрақ-жауап алмасып, еркін әңгіме өрбітті. Ата заңға сәйкес Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде танылатынын, ал осы мемлекет азаматтарының құқығы тек сотта қорғалатынын айтқан ол жастардың жалпы сот, оның сатылары, еліміздің заңдары және басқа да құқыққа қатысты тақырыптар турасында өз ойларын жеткізулеріне мүмкіндік беріп отырды. Еркін әңгімеден соң сот өкілдерімен естелік суретке түскен студенттер сот ғимаратымен танысты.