Маңғыстауда тепловоз жүк көлігімен соқтығысты

Маңғыстауда тепловоз жүк көлігімен соқтығысты

Маңғыстауда тепловоз жүк көлігімен соқтығысты
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында сенбі күні тепловоз темір жолға шығып кеткен жүк көлігін соққан. Полицияның хабарлауынша, төтенше оқиға салдарынан адамдар зардап шекпеген. Алдын ала болжамға сәйкес, темір жол өткеліндегі апат жүк көлігінің жүргізушісінің кінәсінен болған. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясы жексенбі күні төтенше оқиға мамырдың 26-сы күні Құрық-Порт-Ерсай темір жол бөлігінде болғаны туралы хабарлады. Ақпаратта "жүк көлігінің темір жолға кенеттен шығып кеткенін байқаған тепловоз машинисі тежегішті шұғыл іске қосқаны" айтылған. Компанияның ақпараты бойынша, темір жолдың алдында автокөлік қозғалысына тыйым салатын STOP деген ескерту белгісін жүк көлігінің жүргізушісі елемей қойған. Жылдамдықпен келе жатқан тепловоз толық тоқтап үлгермей, жүк автокөлігін соққан. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі төтенше оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқаны туралы хабарлады.