"Реал" Чемпиондар лигасын үшінші рет жеңіп алды

"Реал" Чемпиондар лигасын үшінші рет жеңіп алды

"Реал" Чемпиондар лигасын үшінші рет жеңіп алды
ашық дереккөзі
Мадридтік "Реал" үшінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Киевте өткен турнир финалында корольдік клуб ағылшындардың "Ливерпуль" командасын 3:1 есебімен жеңді. Командалар бірінші таймда есеп аша алмаған еді. Бірінші гол 51-минутта соғылды, оны Карим Бензема соқты. 54-минутта Сидио Мане есепті теңестірді. 63-минутта Гарет Бейл "Реалды" алға шығарып, 83-минутта тағы бір гол соқты. Айта кетейік, бұл "Реал" үшін Чемпиондар лигасындағы 13-нші жеңіс және бұл - рекорд. Мадридтік клуб үшінші жыл еуропалық басты турнирді жеңіп отыр.