Алматыда тағы бір адам менингиттен көз жұмды

Алматыда тағы бір адам менингиттен көз жұмды

Алматыда тағы бір адам менингиттен көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда менингокок жұқпасынан төртінші адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты. Жас студент 24 мамырда дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен. «Кеше ауруханаға  таңғы 10-да жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент түсті. Оған "менингококктың тез асқынатын формасы" диагнозы қойылды. Кешкі 4 шамасында жігіт қайтыс болды», - деді А.Молдақасымова. Оның айтуынша, соңғы 2 аптада Алматыда дəрігерлерге 57 адам жүгінген. Оның 29-ында диагноз расталды. Айта кету керек, бұған дейін Алматыда менингококк жұқпасынан үш адам қайтыс болғанын айтқан едік. Олардың бірі 5 жастағы бала қаладағы балабақшалардың біріне барып жүрген. Бір ер адам иммунитетінің әлсіздігінен аурумен күресе алмай кетсе, екінші әйел адам дәрігерлерге қаралмай ұзақ жүріп қалған.