Қысылғандарға қол ұшын созды

Қысылғандарға қол ұшын созды

Қысылғандарға қол ұшын созды
ашық дереккөзі
Биыл көктемгі  су тасқыны еліміздің бірқатар аймақтарын әбігерге салды. Қызыл судың зардабынан кейбір өңірлер ес жия бастаса, бірқатар елді мекендер тасқынмен әлі де арпалысуда. Үнемі қиналғанның жанынан табылып, қысылғанға қол ұшын беруге дайын тұратын нұротандықтар үйлері су астында қалған тұрғындарға жәрдемдесуде.  Мәселен,  Павлодар қаласында түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары – «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің қолдауымен қызыл судың көтерілуінен зардап шеккендерге көмек көрсетілмек. Көмекке зәру 14 отбасына (Алтайская көшесінде – 4, Якутская көшесінде – 2, Днепропетровская көшесінде – 4, Запорожская көшесінде – 3, Целинная көшесінде – 1 үй) құм, цемент, қиыршық тас, кірпіш және басқа да құрылыс материалдары жеткізіледі. Осыған дейін облыстық мәслихат депутаты – партияның депутаттық фрак­циясының мүшесі Қабылқақ Қапенов, төтенше жағдайлар департаменті, тұрғын үй ком­муналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары мен қалалық филиал қызметкерлері енген комиссия мүшелері ІІ Павлодарды түгел аралап, орын алған жағдайларды анықтады. –198 үйді аралап, жерасты суының үнемі көтерілуінен зардап шегетін көшелер мен үйлер анықталды. Олар – Якутская (45-тен 58-үйге дейін), Алтайская (46/1-79-үйлер), Дне­пропетровская (57-85-үйлер), Запорожская (57-78-үйлер), Целинная (49-78-үйлер), Муялдинская (57-66/1-үйлер), Сахалинская (59/1-60-үйлер), және Таллинская (62-68-үйлер) көшелерінде орналасқан баспаналар. Комиссия мүшелері құлағалы тұрған 14 үйді анықтады. Қалалық құрылыс бөлімі апатты тұрғын үйлерге қажетті құрылыс материал­дарының тізімін жолдады, – деді Қ. Қапенов. Бүгінге дейін Якутская, Запорожская көшелеріндегі апатты үйлердің бәріне жеткілікті түрде құм жеткізілгенін атап өткен жөн. Сонымен бірге, осы шағын ауданның 12 зейнеткері мен көпбалалы аналарына азық-түлік жеткізілді.