«VIP ZHETYSU» кітапханасы ашылды

 «VIP ZHETYSU» кітапханасы ашылды

 «VIP ZHETYSU» кітапханасы ашылды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда «VIP ZHETYSU» кітапханасы ашылды, деп хабарлайды  24.kz. Бұл инновацияшыл жастардың кітапханасы болады. Онда әзірге 350-ден астам түрлі жанрдағы кітап бар. Журналистер үйі ғимаратында орналасқан кітапхана қоры үнемі жаңа шығармалармен толықтырылып отырады. Ол екі түрлі жолмен жүзеге асады.Оның бірі – буккроссинг жобасы. Яғни жергілікті оқырмандар бір-бірімен кітап алмасып, белгілі бір шығармаға қатысты өз ойларын ортаға салады. Сондай-ақ мұнда елімізге белгілі тұлғалармен кездесулер өткізу жоспарда бар. Оны кітапхана жанындағы белсенді жастардан құрылған зияткерлік клубының мүшелері жүзеге асырады. Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: - Біздің клубтың мүшелері жаңарған сайын кітаптардың сапасы, бағыты, ерекшелігі жаңарып отырады. Келесі кезекте біз осы айдың аяғына дейін 50 ағылшынша және 50 ең үздік қазақша сатылымда бар кітапты жарнамалаймыз. Біріншісі – букроссинг, екіншісі – осы арада оқу.