Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады 

Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады 

Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады 
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады. 16 мамырда өткен бұл кездесу шамамен бір сағатқа созылды. Өзбекстан президенті 2002 жылдан бері алғаш рет АҚШ-қа ресми сапармен барып отыр. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 мамырда ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтондағы "Эндрюс" әуежайында өзбек президенті мен оның әйелін АҚШ үкіметінің мүшелері күтіп алды. Өзбекстан президенті мен оның әйелі Зироатхон Хашимованы өзбек тілінде қарсы алды. Трамп үшін Өзбекстан президентімен кездесу - Қытай мен Ресейге, сонымен бірге АҚШ-тың операциялары үшін маңызды алаңына айналған Ауғанстанға жақын орналасқан стратегиялық маңызды елмен қарым-қатынасын нығайту мүмкіндігі. Америка дауысы" өзбек редакциясының хабарлауынша, Шавкат Мирзияев пен оның әйелі Блэр Хаус қонақ үйінде тұрып жатыр, Ақ үйдің қасында орналасқан бұл қонақ үйге ресми сапармен келген президенттер тоқтайды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елінде реформа жасауға, Өзбекстанның сыртқы әлеммен байланысын жақсартуға талпынып келеді. 60 жастағы Мирзияев Орталық Азияның халқы ең тығыз орналасқан елінің есігін әлемге айқара ашып, бұған дейін ел басқарған Ислам Каримовтың қудалау саясатынан арылғысы келеді, Өзбекстанның тоқырауға ұшырап жатқан экономикасына шетел инвесторларын тартуды қалайды. 17 мамырда Өзбекстан президенті Мемлекеттік хатшымен, АҚШ қорғаныс министрімен, конрессмендермен және сенаторлармен, Дүниежүзі банкінің президентімен кездесті. Ресми сапар қорытындысы бойынша екі мемлекет басшысының бірлескен мәлімдемесі, сонымен бірге 40-тан астам құжат қабылданады. Еске салайық, Мирзияев пен Трамп 2017 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясында шағын кездесу өткізген.