17 Мамыр 2018, 14:41 718 0 Қоғам "Түркістан" газетінің авторлары

Алматыда – тың көзқарас

Рамазан – игілік айы. Қасиетті Рамазан айында Алматыдағы қоғамдық көліктер үш магистраль бойынша және вокзал бағытында сағат түнгі 12-ге дейін жүретін болады.

17 мамырдан басталатын қасиетті Ораза айында қаладағы барлық 49 мешітте тарауих намазы оқылады, ал 45 мешітте Құран Хатым шығарылады.

«Тарауих намазының түнгі 12-ге дейін созылуына байланысты әкімшіліктің ықпал етуімен 16 мамыр мен 14 маусым аралығында автобустардың кестесі  өзгертілді. Саин көшесі мен Достық даңғылы, Алматы-1 вокзалы мен Талғар тас жолына дейінгі 4 бағыттағы автобустар сағат түнгі 12-ге дейін жүретін болады. Сонымен қатар әр мешітте жамағаттың білімін жетілдіру мақсатында зияткерлік сайыстар өтеді. Ал орталық мешітте екінті мен бесін намазы аралығында «Умра кіші қажылығы кімге бұйырады?» атты байқау ұйымдастырылады», – деді ҚМДБ Алматыдағы өкілі Еркінбек Шоқаев. Сондай-ақ, Рамазан айында барлық мешіттерде қауіпсіздік шарасы күшейтіле түспекші.

Жәнібек Әшім

Соңғы жаңалықтар