WhatsApp-та өзгерістер болды

WhatsApp-та өзгерістер болды

WhatsApp-та өзгерістер болды
ашық дереккөзі
Әлемге танымал мессенджерлердің бірі WhatsApp-та өзгерістер болды. Енді қолданушылар топтарға қосылар кезде ол туралы қысқаша түсініктеме, оның мақсаты мен ережесі және тақырыбы туралы мәлімет ала алады. Бұл экранның жоғарғы жағында көрініп тұрады. Ал әкімгерлер атауын, фотосын және таныстырылымын өзгерте алатын адамдарды таңдай алады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Вести.Hi-tech басылымына сілтеме жасап. Топтан шыққандар оған қайтып қосыла алмайды. Егер қолданушы топтық чатқа көптен бері кірмеген болса, онда оң жақ төменде тұрған @ белгісін басып, хабарламалармен тезірек таныса алады. WhatsApp ресми блогында жаңа функциялар бүгіннен бастап Android және iPhone қосымшаларында қолжетімді екенін жазды.