ШҚО-да Үржар-Алматы әуе рейсі ашылады

ШҚО-да Үржар-Алматы әуе рейсі ашылады

ШҚО-да Үржар-Алматы әуе рейсі ашылады
ашық дереккөзі
Ертең Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан  Астанаға қатынайтын әуе рейсі қайта іске қосылады. Бұл бағытта алғаш рет ұшақ қатынасы былтыр ашылған болатын. Ал қысқы уақытта жұмысы тоқтатылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сонымен бірге ертең Үржар-Алматы рейсі де ашылады. Ол жөнінде аудандық сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады. Енді шалғайдағы аудан халқы елордаға екі-ақ сағатта жетеді. Жолаушыларға 48 орындық АН-24 ұшақтары қызмет етеді. Әзірге ұшақ Астанаға аптасына 2 мәрте қатынайды. Алакөлде демалыс маусымы басталған кезде қосымша рейстер ашылмақ. Мұның бәрі аймақтағы туризмді дамытып, Алакөлге келетін саяхатшылар санын еселеуге жол ашады. Бұған дейін аудан орталығынан Семей, Өскемен қалаларына ғана әуе қатынасы бар еді. Айта кетейік, өткен жылы ауданда алғаш рет Үржар-Астана рейсі ашылып, үржарлықтар ЭКСПО көрмесін барып тамашалаған еді. Ал қысқы уақытта бұл бағыттағы ұшақ қатынасы қызметін тоқтатады. «Астана мен Алматы рейсі республикалық бюджеттен, ал Семей, Өскемен облыстық бюджеттен төленеді. Семей мен Өскеменге билет бағасы 10 мың теңге. Астанаға 19500 теңге және Алматыға 16 мың теңгемен жетуге болады», - дейді Үржар әуежайының коменданты Болат Бектеміров.