Бельгиялық әуе компаниясы рейстердің 75% тоқтатты

Бельгиялық әуе компаниясы рейстердің 75% тоқтатты

Бельгиялық әуе компаниясы рейстердің 75% тоқтатты
ашық дереккөзі
Дүйсенбі күні Brussels Airlines бельгиялық әуе компаниясы ұшқыштардың ереуіліне байланысты рейстердің 75% тоқтатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. Дүйсенбі және сәрсенбі күндері ереуіл жариялаған ұшқыштар еңбек жағдайын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етуде. Ұшқыштардың екі күндік ереуілі салдарынан 600 рейс пен 60 мыңға жуық жолаушы жолдан қалды. Brussels Airlines әуе компаниясы келтірілген залалды 10 млн еуро деп бағалауда. Дүйсенбі күні таңертең компания басшылығы мен ұшқыштар кәсіподағы арасында келіссөздердің жаңа кезеңі басталды.