14 Мамыр 2018, 14:51 386 0 Әлеумет Назым Тойлыбаева

Елімізде резеңке бетперде өндіру соншалықты қиын болғаны ма?

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко газтұтқыш (противогаз) өндірудегі кемшіліктерге атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік. Бүгін Мәжілісте қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланды.

Қорғаныс жабдықтарын шетелден сатып алуды доғарып, отандық кәсіпорындарда өндіруді бастау керектігіне тоқталған Божко, «Осы орайда химиялық, бактериологиялық және радиациялық қорғаныс құралдарына назар аударған жөн. Атап өтер болсақ, 3-4 жылдан бері бізге бірнеше миллион газтұтқыштар (противогаз) керектігін айтып келемін. Қазіргі кезде оларды біртіндеп тағы да шетелден сатып алудамыз. Осының өндірісін ұйымдастыру соншалықты қиын болғаны ма?», - деді.

Бұл тұрғыда ол осы мәселе бұған дейін бірнеше рет айтылғанын сөз етті. «Яғни резеңке бетперде мен ауаны тазарту сүзгісінің өндірісін құру қиын емес секілді. Бұл жайында көбірет айтылды ғой, алайда ілгерілеу жоқ», - деді Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет сағаты барысында биыл Қазақстанда Ми-8/17 тікұшақтарын құрастыру басталатындығы мәлім болды. Сонымен қатар Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның оптикалық құрылғылары экспортқа бағытталғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар