Тәжікстанда өмірлік жазаға кесілгендерге арналған түрме салынады

Тәжікстанда өмірлік жазаға кесілгендерге арналған түрме салынады

Тәжікстанда өмірлік жазаға кесілгендерге арналған түрме салынады
ашық дереккөзі
Тәжікстан астанасына жақын маңдағы Рудаки ауданында өмірлік жазаға кесілгендерге арналған түрме тұрғызылады. Бұл туралы өткен аптада БҰҰ-ның азаптауға қарсы Женевадағы комитетінде Тәжікстанның ұлттық баяндамасын тыңдау кезінде хабарланды. Әділет министрлігі Жазаны атқару бас басармасы бастығының орынбасары Илхом Махмудзоданың мәлімдеуінше, қазір мемлекеттік құрылымдар жобаны талқылап, түрме құрылысы сметасын дайындап жатыр. "Тәжікстан үкіметі өмірлік жазаға кесілгендерге түрме салуға уәде берген, сол уәдесін орындайды", - деп мәлімдеді Илхом Махмудзода. Еске салайық, Тәжікстан БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінде есеп берді. Тәжікстанда 2004 жылы өлім жазасына мораторий жарияланған. Тәжікстан әділет министрінің орынбасары Хаким Мирсайзодтың өткен жылы жаздағы мәліметі бойынша, елдегі түрмелерде өмірлік жазаға кесілген 80 адам отыр. Олардың арасында елде тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясы басшысының орынбасарлары Саидумар Хусайни мен Махмадали Хайит, Халық майданының атақты қолбасшысы Лангари Лангариевтің інісі - Сухроб Лангариев бар.