Қытай алғашқы ұшақ тасығыш кемесін тексеруден өткізді

Қытай алғашқы ұшақ тасығыш кемесін тексеруден өткізді

Қытай алғашқы ұшақ тасығыш кемесін тексеруден өткізді
ашық дереккөзі
Қытай өзінің жасап шығарған алғашқы ұшақ тасығыш кемесін тексеруден өткізуді бастады, деп хабарлайды Хабар 24 «Туре 001А» деп аталатын алып кемені құрастыру 2013 жылы басталып, өткен жылы аяқталған.Ұзындығы – 315, ал ені 75 метр болатын ұшақ тасығыштың салмағы – 70 тонна. Оның үстіне 36 әскери шабуылдаушы ұшақ сыяды. Айта кететін жайт, Қытай 2005 жылы Украинадан Варяг кемесін сатып алып, оны жөндеп, «Ляонин» деп аталатын тұңғыш ұшақ тасығыш кемесін жасап шығарған болатын. Оны тексеру 2011 жылы сәтті өтіп, келесі жылы әскери теңіз күштерінің пайдалануына берілген.Сондықтан «Туре 001А» әскери-теңіз күштерінің екінші ұшақ тасығыш кемесі болғалы тұр.