Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, көз жұмды

Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, көз жұмды

Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, көз жұмды
ашық дереккөзі
Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Ведомство берген мәліметтерге қарағанда, жантүршігерлік оқиға 13 мамыр, жексенбі күні 12:12-де, Иманов көшесінде болған. «2015 жылы туған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, абайсызда 16-қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты», - деп мәлімдеді ТЖК өкілдері. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, бала үйдің қосалқы баспалдағынан құлаған.