13 Мамыр 2018, 17:31 681 0 Туризм Назым Тойлыбаева

Маралды көлінің жағасында киіз үй қалашығын салмақ

Инвесторлар Маралды көлінің жағасында киіз үй қалашығын салмақ. Бұл туралы агенттікке Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Хасар Қабылбеков мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қазіргі кезде бюджет есебінен Павлодар - Шарбақты тасжолынан Көлбұлақ ауылына дейін 4,7 шақырым жол салынуда. Ал Көлбұлақ ауылынан көлдің басына дейін 2,7 шақырым қашықтыққа тоқ желісі тартылып жатыр», - деді әкімнің орынбасары.

Хасар Қабылбековтың айтуынша, демалысқа арналған өзге жұмыстарды инвесторлар атқаруда. Келген қонақтар демалатын киіз үй қалашығы салынбақ. Сондай-ақ аквапарк салу да жоспарланып отыр. Жағажай аумағы кеңейтіледі. «Өйткені өткен жылы келушілер саны артып жағажай тарлық еткен болатын. Биыл одан да көп адам келеді деп күтілуде. Оған қоса, былтырғы жылы аяқталмаған жұмыстар аяқталады. Бәрін де шомылу маусымы басталғанша бітіруді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, инвестор болашақта санатория ашу мақсатында былтырғы жылы 65 марал әкелген болатын. Бүгінгі таңда маралдар төлдеп жатыр», - дейді Хасар Қабылбеков.

Айта кетейік, өткен жылы Маралды көліне келушілер саны күніне 3000-нан асқан.

Соңғы жаңалықтар