12 Мамыр, 16:10 1027 0 Әлеумет Назым Тойлыбаева

Алматы облысында құлаған Як-12М ұшағының себебі анықталды

Алматы облысында Як-12М әуе кемесімен болған апатты тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе апатының негізгі себебі әуе кемесінің рұқсат етілмейтін шағын биіктік пен ұшу жылдамдығында әуе кемесінің маневрлерді (рұқсат етілген ең жоғары ораммен бұрылу) орындауы болып табылады.

Осындай маневрлер, сондай-ақ ұшақты басқару кезінде ұшу биіктігі мен жылдамдығын бақылауды жоғалтудың салдарынан ұшу биіктігінің жоғалуына және әуе кемесінің жер бетімен оң жағымен соқтығысуына алып келді.

Әуе кемесінің жер бетімен соқтығысуы нәтижесінде ұшақ құрылымы бұзылып, өрт шықты, соның нәтижесінде ұшқыш пен жолаушы (шаруа қожалығының өкілі) қаза болды.

Бұдан басқа, авиациялық оқиғаны тексеру барысында келесідей ықпал етуші факторлар мен кемшіліктер анықталды:

- әуе кемесі командирінің ұшу алдындағы демалыс кезінде алкогольді асыра пайдалануы, бұл ұшудың қауіпсіз орындалуын және аяқталуын қамтамасыз етпеді;

- ұшақты басқаруға жолаушының әдейі емес араласу мүмкіндігі (ұшақ екі жақты басқару элементтерімен жабдықталған);

- әуе кемесі командирінің осы әуе кемелеріне арналған рұқсат етілген массадан асатын массамен ұшуы;

ұшқыш кабинасында ұшу тапсырмасын орындауға байланысы жоқ бөгде адамның болуы.

«Тексеру қорытындысы бойынша, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне «Казавиа» ЖШС авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктерді қайтару және экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы демалыс режимін сақтау, сондай-ақ ұшу тапсырмасына қатысы жоқ рұқсат етілмеген тұлғалардың әуе кемесінің кабинасында болуына жол бермеу бөлігінде базалық аэродромдардан тыс жерге отырғызу алаңдарында әр түрлі әуе жұмыстарын орындайтын әуе кемелерінің пайдаланушыларына бақылауды және қадағалауды күшейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы 27 шілдеде Як-12М ұшағы апатқа ұшыраған болатын.  Әуе апатынан 54 жастағы Халит Ақбердинов пен 39 жастағы шаруа қожалықтың басшысы Мәсімжан Мәсімов көз жұмған. Ұшақ командирінің 33 жылдық өтілі болған.

 

 

Соңғы жаңалықтар