11 Мамыр 2018, 21:50 733 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

Джозеф Вотел: "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда ешқашан жеңіске жетпейді 

АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Джозеф Л. Вотел "Талибан" қозғалысының басшыларын Кабулмен келіссөздер үстеліне отыруға шақырды. Америкалық генерал бұл мәлімдемесін Душанбеде жасады.

 Генерал Джозеф Л. Вотел Тәжікстан астанасына 10 мамырда кешке келген.

"Менің тәлібтерге үндеуім мынадай - олар Ауғанстанда ешқашан жеңіске жетпейді", - деп мәлімдеді америкалық генерал.

"Талибан" қозғалысы 7 мыңға жуық содырын ауған-тәжік шекарасындағы 29 жаттығу базасына орналастырған ба?" деген сауалға генерал Вотел АҚШ өз дерек көздері арқылы Тәжікстанның оңтүстік өңірлерінде "Талибанның" қанша күші орныққанын анықтауға тырысады деп жауап берген.

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскері қолбасшысы Раджабали Рахмоналидің 2 мамырда хабарлауынша, 6 мың 825 тәліб Ауғанстанның оңтүстігінен солтүстікке жеткізілген, қазір олар Балх, Құндыз, Тахор және Бадахшан провинцияларындағы 29 жаттығу базасына орналасқан. Содырлардың көбі Орталық Азия елдерінен шыққан, деді Раджабали Рахмонали.

​АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы "Талибанды" деструктивті күш деп есептейді. Оның айтуынша, тәлібтердің Ауғанстандағы әрекетінің салдарынан елді басқа да террористік топтардың, соның ішінде "Ислам мемлекеті" содырлары басып алды.

Қазіргі таңда Орталық қолбасшылық АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы барлық әскери операцияларын жүргізеді.

 

Соңғы жаңалықтар