11 Мамыр 2018, 21:08 655 0 Аймақ Назым Тойлыбаева

ОҚО-да мейірбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы облыстық опера және балет театрында халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Оңтүстік қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз саласында абыройлы еңбек еткен қызметкерлерге  өңірдегі шипажайларға 20 жолдама мен телевизор  сыйлады.

Сонымен қоса іс-шара барысында сала үздіктері облыс әкімінің, облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек, 11 медицина саласының қызметкеріне «Ең үздік медбике» номинациясы беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл күні елуге жуық азамат айрықша құрметке ие болды.

Жансейіт Түймебаев еліміздің әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына қосылудағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда сала қызметкерлерінің еңбегін айрықша атап өтті.

«Денсаулық сақтау саласында еңбек ететін қызметкерлердің саны жағынан ең көбі мейірбикелер болып табылады. Сондықтан да Сіздердің халық саулығына қосып жатқан үлестеріңіз орасан. Бүгінгі таңда өңіріміздегі 110 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы

86,8 пайызды құрайды, бұл еліміз бойынша ең үлкен көрсеткіш.  Бүгінде өңірдегі медицина мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда», ‒ деді өңір басшысы.

Бүгінде облыстағы медициналық ұйымда 25 мыңнан астам орта буын қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың денсаулығын сақтау сынды асыл міндет мемлекеттік саясаттың негізі болып отыр. Осы бағытта өткен жылы 4391 медицина қызметкер біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтады. Оның ішінде шет мемлекетке барғандар да бар. Ал осы жылы сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Түркия мемлекетіне жолдама беріледі деп жоспарланып отыр.

Ақ халатты абзал жандардың мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Соңғы жаңалықтар