Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды
ашық дереккөзі
Танымал қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Mash телеграм-арнасы "Төменде қымбат көліктердің қасында "Алма-групп" басшысы Жомат Ертаев жатыр, қасында "Тройка-Д-Банка" бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяков. Олар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды (тағы екі адам бар)", — делінген хабарламада. Mash деректеріне сүйенсек, Ертаев Ресейде үш жылдан бері федералды іздеуде болған. Арнайы операция Москва-Сити іскерлік орталығының аумағында жүргізіліпті: Ертаевтың көлігі мен соңынан ергендерді жол үстінде тоқтатқан. Жомарт Ертаев 1990 жылдардың ортасынан бастап Қазақстанның банктерінде басқарушы лауазымдарды иеленді. 2009 жылы бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнаманы бұзды деген күдікпен қамауға алынып, тоғыз айдан соң айыппұл төлеп, босап шыққан болатын. Кейін бірнеше жыл "Алма ТВ" ЖШС кабельді телевидениесін басқарды. 2016 жылы күзде "Алма Групп" директорлар кеңесінің төрағасы әрі компания президенті болды. 2017 жылдың мамырынан бері – "Тройка-Д Банк" АҚ (банктің 5% акциясы тиесілі) және "Волго-Окский коммерческий банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.