Тәжікстанда екі жеткіншек бетонның астында қалып, мерт болды

Тәжікстанда екі жеткіншек бетонның астында қалып, мерт болды

Тәжікстанда екі жеткіншек бетонның астында қалып, мерт болды
ашық дереккөзі
Тәжікстанда Хатлон облысында субұру науасындағы бетон құлап, екі жеткіншек қаза тапты. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. Оқиға өткен жексенбіде Бустон қышлағы маңында болған. Сол маңда 15 жастағы Махмадали Саидбеков пен 12 жастағы Рустам Давлатов мал бағып жүрген. Жеткіншектер қатты нөсерден субұратын бетонның жанына пана іздеген. Бірақ аяқ астынан бетон опырылып, жеткіншектерді басып қалған. Жергілікті билік қатты нөсер селді көтеріп жіберді дейді. Бустон ауылында бірнеше үй зардап шеккен. 28 сәуірде Раш ауданындағы Сурхоб өзенінде Саида мен Шукрона есімді қыздар суға батып кеткен. 19 жастағы Саида сол ауылға қыдырып келген екен. Ол өзеннің жағасына барып, селфи жасамақ болған. Бойжеткен аяғы тайып, суға құлап, батып кеткен. Оның туысы Шукрона Саиданы құтқармақ болып қолын созғанда, ол да суға құлап кеткен. Екеуі де көз жұмған.