Елбасы Алматыдағы «Керуен-Medicus» медицина орталығына барды

Елбасы Алматыдағы «Керуен-Medicus» медицина орталығына барды

Елбасы Алматыдағы «Керуен-Medicus» медицина орталығына барды
ашық дереккөзі
Қазақстан  Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы «Керуен-Medicus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы медицина орталығының қызметімен танысып, клиника ұжымымен әңгімелесті. «Дәрігер емделушіге қамқорлықпен қарап, әсіресе, аналарды босандырғанда өзінің мейірімін дарыта білуі қажет. Бүкіл Қазақстан бойынша заманауи құралдармен жабдықталған көптеген медициналық орталықтар салынды. Дәрігер - ең ұлы мамандық екенін әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге табыс тілеймін!», - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина техникаларын өндіруші Siemens, Karl Storz, General Electric, Drager, Hamilton және басқа да жетекші компаниялар ұсынған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар көрсетілді. «Керуен-Medicus» ғимараты 2017 жылы салынды. Оның жалпы ауданы - 10 мың шаршы метр. Клиникада нақты уақыт режімінде 3D-форматындағы күрделі операциялар жасалады. Медициналық орталық Кореяның Severance Hospital, Германияның Freiburg University Klinik, Сеул ұлттық университетінің Бундан клиникаларымен, сондай-ақ Еуропаның жетекші клиникаларының өкілі - Puls Global компаниясымен кадр даярлау жөнінде ынтымақтастық орнатқан.