ШҚО-да ардагерлерге 600кВт сағат электр жарығын тегін беретін болды

ШҚО-да ардагерлерге 600кВт сағат электр жарығын тегін беретін болды

ШҚО-да ардагерлерге 600кВт сағат электр жарығын тегін беретін болды
ашық дереккөзі
Жеңістің 73 жылдығына орай «Шығысэнерготрейд» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 600 кВт сағат электр жарығын тегін беретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі акция бүгін 5 мамыр күні басталды. Ардагерлер мамыр, маусым, шілде айында электр жарығын тегін тұтынатын болады. «Шүлбі» ГЭС-і ай сайын олардың жеке шотына 2 500 теңгеден аударып отырады. Үш ай ішінде жалпы ардагерлерге 2,1 млн. теңге аударылады. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша 300-ге жуық Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.