Дала жаттығуында шыңдалған сарбаздар

Дала жаттығуында шыңдалған сарбаздар

Дала жаттығуында шыңдалған сарбаздар
ашық дереккөзі
Былтыр республика бойынша 10 мыңға жуық сарбаз қатысқан жаттығу сынағы өткені есте. Бұйрық берілгеннен кейін 21 шақырымдағы нысананы дәл көздей алатын «Прима» зеңбіректері шабуылды бастап, жойғыш қондырғылар бар болғаны 30 секундта 64 гектар аумақты тас талқан етуге қауқарлы екенін көрсеткен. Жамбыл облысы, Мәтібұлақ жалпы әскери полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің бригадалық тактикалық оқу-жаттығуларының соңғы кезеңі өткізілуде. Оқу-жаттығудың бастапқы кезеңінде әскери бөлімдер жоғарғы дәрежелі жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Әскери бөлімдердің орналасу ауданынан Мәтібұлақ полигонына дейінгі ара қашықтық 1000 шақырымнан асты. Техниканы теміржол тәсілімен тасымалдау мақсатында әскери хабар жетізу органдарымен техниканы арту мен түсіруді ұйымдастыру үшін 10 эшелоннан аса дайындалды. Оқу-жаттығуда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мотоатқыштар,  инженерлік-саперлық, артиллериялық, барлау және танк бөлімшелері, біріктірілген медициналық взводы, байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері, сондай-ақ, оқу-жаттығуға десантты-шабуылдаушы батальоны, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның, аумақтық қорғаныстың шұғыл тобы, сонымен қатар Әуе қорғаныс күштерінің шұғыл-тактикалық басшылығы қатыстырылды. Бұл – екінші Жауынгерлік шеру. Бірінші Жауынгерлік шеру Жоғарғы Басқолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен елімізде алғаш 2013 жылдың 7 мамырында осы «Отар» 40-әскери базасында өткен болатын. Қалыптасқан дәстүр бойынша шеруді басқару Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановқа табысталған еді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери техникалары мен бөлімдері және құрылымдарының жеке құрамы «Отар» 40-әскери базасының аумағында шоғырландырылған. Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында армия құрамалары өздерінің тактикалық шеберліктерін және Қазақстан Республикасының соңғы үлгідегі әскери техникалары мен қару-жарақтарын «Мәтібұлақ» сынақ алаңында тәжірибелі іс жүзінде қолданылуын көрсетті. Жауынгерлік техника және сарбаздар сап түзеп қана қоймай, атыс шеберліктерін осы дайындықта көрсетті. Шеруге қатысқан жауынгерлердің барлығы психологиялық және саптық даярлық бойынша іріктелген ең үздіктер. Дайындық кезінде шеруге тұру тәртібі, шеруге қатысушылардың амандасу элементтері, туды алып шығу және жеке құрамдардың салтанатты жүріп өтуі пысықталады. 2018 жылғы әскери шеруге 3000 әскери қызметшілер, 300 әскери техникалар мен құралдар және 30 бірлікте ұшу аппараттары қатысты. 2018 жылғы әскери шерудің басты айырмашылығы мұнда барлаушылар мен арнайы құрамдардың нақты соғыс қимылында заңсыз әскери топтардың базасын басып алу сәті көрсетілді. Барлау бөлімдері заманауи қару-жарақ, әскери техника, авиация арқылы соғыс қимылындағы тактикалық жаттығуларды шынайы көрсетті. Әскери және әскери транспорттық авиация, жаңарған С-295 әскери транспорттық ұшағы мен СУ-30 көп бағытты истребительдері де жоғары ұшу шеберліктерін паш етті. Бұдан басқа да әскери шеруде МИ-17 тікұшағы, америкалық көп бағытты Хьюи тікұшағы, Е-145 (Еврокоптер), ракеталық соққы беретін МИ-35 ұшақтары қатысты. «Мәтібұлақ» полигонында мотоатқыштар, танкілер, Т-72, БМП-2 (жаяу әскер әскери машиналары) мен ЗСУ – 23-2 (23 мм қосақталған зениттік құрылғы), ЗПУ – 2 (14,5 мм зениттік пулеметтік құрылғы) жасақталған барлау бөлімшелерінің тәжірибелік жаттығу жұмыстары жүргізілді. Прима – 9К59 немесе «Прима» – 122,4 мм калибрлі дүркін отты реактивті жүйе. МСТА – 152-мм дивизиондық гаубица. РСЗО 9К58 «Смерч» – 300 мм калибрлі дүркін отты реактивті жүйе. Осы жаттығуда осының бәрі өз деңгейінде көрсетілді. Әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлік пен машық деңгейіне жақсы баға қойылды. Жаттығу барысында өзара қарым-қатынас мәселелері мен Қарулы Күштердің әскер тектері мен түрлерін кешенді қолдану толық көлемде және жоғары деңгейде орындалды.

Мақсат СЕРІКБАЙ